Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, ШҚО кәсіподақтар бірлестіктері мен жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған әлеуметтік әріптестік туралы келісім Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінде 2021 жылы 29 сәуірде тіркеуден өтті, тіркеу № 222.
Естеріңізге сала кетейік, үш жылға арналған стратегиялық құжатқа қол қою ағымдағы жылдың 14 сәуірінде өтті. Келісім өзара қарым-қатынастардың кең спектрін көздейді және әлеуметтік серіктестердің 2021 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңге арналған бірлескен жұмысының перспективасын айқындайды.
Енді әлеуметтік әріптестердің басты міндеті – қолданыстағы заңнамамен салыстырғанда өңір қызметкерлерін әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын қарастыратын Келісім шарттарын іске асыру.
"ШҚО кәсіподақ орталығы" АКБ (Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі)

