
Облысымыздың ядролық медицина және онкология орталығы екінші кезеңді іске қосуға дайындалуда. Осылайша, Қазақстанда алғашқ радионуклидтік терапия бөлімшесі ашылды. Бас дәрігер атап өткендей, тұсауы биыл маусым айында кесіледі.
Семейге сапарым барысында бірегей медициналық кешеннің жұмыс барысын тексердім. Айта кетейін, бұл мекеме қатерлі ісікті ерте сатыда анықтайтын радионуклидті диагностика орталығына айналады.
Сонымен қатар, 18F фтордезоксиглюкоза радиофармпрепаратын шығаратын циклотрондық кешені бар ПЭТ диагностикасын орнату жүргізілуде. Орталықта орналасқан ең заманауи үлгідегі циклотрон әлемдегі 41-інші, ал Қазақстандағы жалғыз құрылғы.
Сәуір айында ашылған радиоизотопты диагностика бөлімінде SYMBIA T16 ОФЭКТ/КТ аппараттарында 60 науқасқа зерттеу жүргізілді. Аталмыш зерттеулер ішкі органдар мен тіндер функциясы және құрылымын бағалауға мүмкіндік береді, бұл тиімді емдеу әдісін таңдауға көмектеседі.
Орталықтың уақтылы іске қосылмауының себебі қате жасалған СРҚ жүйесі болғанын баршаңызға белгілі. Құзыретті мамандардың арқасында қазір бізде радиациялық қауіпсіздіктің барлық талаптарына жауап беретін сұйық радиоактивті қалдықтарды сақтаудың жалғыз жүйесі бар. Жаңа жүйе толығымен автоматтандырылған.
Соңғы жылдары орталықтың 80 қызметкері әлемнің 20 елінде тағылымдамадан өткенін ерекше атап өткім келеді. Биыл тағы да бірқатар мамандар жарты жылдық мерзімге оқуға жіберіледі.
Сапар барысында "In Vitro+" жеке компаниясының базасында жаңа инновациялық жабдықтары бар жаңа оңалту орталығында болдым.
Бұл мекеменің қызмет деңгейі ерекше қуантты. Орталықтың көптеген жаттығу құрылғылары мен аппараттары Қазақстан бойынша бірлі-жарым. Мысалы, H/P/COSMOS жүгіру жолы бүкіл ел бойынша бір дана ғана және ол осында орналасқан. Ал VACUMED аппараты NASA-да ғарыштық ұшулардан кейін қалпына келтіру үшін қолданылады. Елімізде мұндай тек үш аппрат бар. Сондай-ақ, RIMEC, TECHNOGYM, TecnoBody сияқты заманауи жабдықтар орнатылған.
Ең бастысы, барлық тренажерлерде автоматты түрде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әрбір науқастың жеке терапия бағдарламасын енгізу қарастырылған.
Мұнда бүгінде ШҚО тұрғындары ғана емес, басқа да өңірлерден келіп ем қабылдауда