
Мемлекет ауылдық жерлерде тиісті әлеуметтік қолдаумен жұмыс ұсынады, ол мыналарды қамтиды: біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу, тұрғын үй сатып алу және салу үшін 0,01% мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге бюджеттік кредит беру.
Бесқарағай ауданында 2020 жылы "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 11 маманға жалпы сомасы 42,9 млн.теңгеге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие берілді. Денсаулық сақтау, білім беру және агроөнеркәсіптік кешен саласында жұмыс істейтін 37 маман жалпы сомасы 9,9 млн.теңгеге көтерме жәрдемақы алды. 2021 жылы ауданда жалпы сомасы 87,5 млн.теңгеге 20 кредит беру жоспарланған.
Ауылдық жерлерге "Дипломмен — ауылға" бағдарламасы бойынша көшіп келген жас мамандар арасында Төлеутай Ерсін Бесқарағай ауылында тұрады, Бесқарағай аудандық ауруханасында мейіргер болып жұмысқа орналасты.
Семей қаласының медициналық колледжінде диплом алғаннан кейін, ол отбасымен Бесқарағай ауданына көшіп, еңбек жолын ауылда бастауға шешім қабылдады.
- "2019 жылы маған көтерме жәрдемақы берілді. Тиімді пайыздық мөлшерлемемен тұрғын үй сатып алғаным қуантады, біздің мемлекетіміз жас мамандарға осындай маңызды қолдау көрсетіп отырғаны өте жақсы", - деп түсіндірді Төлеутай Ерсін.