
Жалпы спортты дамыту, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру үшін ауданда 19 жазықтық құрылыстар (жазғы балалар спорт алаңдары) бар, олар ауданның мектептері мен елді мекендерінде орналасқан. 2020 жылы Бесқарағай, Қарағайлы, Глуховка және Қара-Мырза ауылдарында сомасы 38,8 млн.теңгеге қосымша 4 футбол алаңы орнатылды. Аудан бойынша барлығы 11 футбол алаңы орнатылып, Бесқарағай ауылында 1 стадион бар. Сонымен қатар, воркаутқа арналған 4 алаң, 1 спорт алаңы жұмыс істейді.