Бүгін, сондай-ақ "Бірқабатты Шығыс" өңірлік жобасының іске асырылу барысымен, көпқабатты үйлердің құрылысымен таныстым

Бүгін, сондай-ақ "Бірқабатты Шығыс" өңірлік жобасының іске асырылу барысымен, көпқабатты үйлердің құрылысымен таныстым

"1 шілдеге дейін жаңа 28 шағын ауданындағы абаттандыру жұмыстарын аяқтау тапсырылды. Мұнда 54 үй бой көтерген болатын. Биыл жеке инвесторлар есебінен тағы 50 баспана салынады. Төрт компанияның жобалары әр басқа, әрқайсысының өзіндік стилі бар. Шағын аудан жастары мен балалары үшін футбол алаңы мен спорт нысандары да жасалады.

Сонымен қатар, Қазыбек би даңғылындағы 272 пәтерлік тұрғын үй кешен құрылысының қарқынын бақылап қайттым. "Ертіс" ӘКК төрағасының айтуынша, пәтерлердің барлығы 100% броньдалған.

"Нұрлы жол" шағын ауданында биыл 7 көпқабатты үйдің құрылысы аяқталады. Бұған дейін жасалған ескертулерден кейін мердігердің жұмысқа жоғары жауапкершілікпен кіріскені қуантады. Жоба ерекшелігі - ең алдымен, жоспарлаудағы ұтымды шешімі. Қасбеттері әдемі, заманауи үлгіде. Компания алдағы уақытта да тек жоғары нәтижеге жұмыс істеп, бәсекеге қабілеттілігін арттыра береді деп үміттенемін. Ең бастысы, қала мен облыс тұрғындарының көңілінен шығу.

Бүгінгі таңда 90-нан астам пәтер банк арқылы сатылды. Жалпы, аталған шағын ауданда алдағы екі жылда 42 үй мен екі балабақша салынады.

Жыл сайын қаламыздың бұл бөлігінде жаңа үйлер саны өсіп келе жатқаны түсінікті. Бұл электр және жылу желілеріне қосымша жүктеме. Осыған байланысты, #2 қазандыққа сағатына 100 гкал өндіретін қосымша қазандық салу жобасын жасау тапсырылды
".