
"Нысан екі ғимараттан тұрады: негізгі және пансионат. Негізгі корпус ғимараты 5 блокқа бөлінген. Мәселен, Б блогында жілік майын трансплантациялайтын балалар бөлімшесі, сондай-ақ балаларға арналған стационар және клиникалық-диагностикалық зертхана орналасады. Жілік майын трансплантациялайтын ересектерге арналған бөлім В блогында болады, сол жерде үлкендер стационары, диагностикалық және амбулаториялық бөлімше ашылады. Сәулелік диагностика және термотерапия бөлімшелері, трансфузиология орталығы, полимеразды және тізбекті реакция зертханасы, операциялық бөлім және цитостатиктерді орталықтандырылған өсіру Г блогында орын тебеді, патоморфологиялық және цитологиялық бөлімдер, FISH және генетикалық зертхана, лимфомасоматика және хирургия стационары Д блогында болады.
Сонымен қатар, жобада ойын бөлмесі, психолог кабинеті, оқу сыныптары, конференц және топтық сабақтар залы, кафе де қарастырылған.
Тәулік бойғы стационардағы 146 төсек орыннан, күндізгі стационарға 30 және гемодиализ үшін 4 төсек орын қарастырылған, көп бейінді консультативтік-диагностикалық бөлімшеде бір ауысымда 150 келушіге қызмет көрсетіледі. Дәрігерлер мен қызметкерлер шет мемлекеттердің үздік орталықтарында оқудан өтеді.
Биыл барлық 5 блок бой көтереді. Негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалады.
Мұнда көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық қызметтерді пайдалана отырып, ең үздік халықаралық тәжірибе енгізілетін болады. Сондай-ақ, облыстың денсаулық сақтау саласын дамытудағы өте маңызды элемент болып табылатын ғылыми-зерттеу базасын дамытуды жоспарлап отырмыз. Жалпы, жоспардағы жабдықтар гематология орталығы еліміздің жетекші медициналық ұйымдарының бірі болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Гематологиялық орталық - ол лейкемиямен күрес болғандықтан, бүгінгі таңда объективті түрде айтар болсақ, елімізде оның қарқыны төмен".