Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

21.04.2021 ж. тәулік ішінде КВИ 93 жағдайы тіркелді, оның ішінде 72 (77%) симптомдық және 21 (23%) симптомсыз. 21.04.2021 ж. тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмония) 7 жағдайы тіркелді, оның ішінде Үржар ауданында – 2, Шемонаиха ауданында – 2, Алтай ауданында – 2, Тарбағатай ауданында – 1.

⠀

КВИ-дің жаңа 93 жағдайының ішінде:

- 33 Өскемен қ. 27 с, 6 с/з;

- 29 Семей қ. 26 с, 3 с/з;

- 15 Аягөз ауданында (Аягөз қаласы-7) 6с, 9 с/з;

- 7 Тарбағатай ауданында (Ақсуат ауылы - 1) 6с, 1с/з;

- 3 Алтай ауданында (Алтай қаласы – 3) 3с;

- 2 Жарма ауданында (Қалбатау ауылы-0 ) 1 с, 1с/з;

- 2 Шемонаиха ауданында (Шемонаиха қ. - 1) 2с;

- 1 Риддер қ. - 1с;

- 1 Үржар ауданында(Үржар ауылы-0) 1с/з;

 

Облыс бойынша өсім қарқыны тәулік ішінде 0,4%, аптасына орташа өсім қарқыны - 0,4%, Өскемен қаласында – 0,4%, Семей қаласында - 0,5% құрады.

⠀

Сауығуына байланысты 12092 ковидті пневмониямен ауырған науқас инфекциялық стационарлардан шығарылды, 7072 симптомсыз вирус тасымалдаушыларының үй карантині аяқталды.

⠀

Жалпы облыс аумағында барлығы 24129 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде 16736 жағдай (69%) клиникалық симптомдармен, 7393 жағдай (31%) асимптоматикалық.

⠀

100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші–1770,3 (республикалық көрсеткіш – 1591,2) құрады. Бақылауда байланыста болған 5521 адам мен 1166 инфекция ошағы қалып отыр.