«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ ШҚО филиалының төрағасы Түсіпхан Түсіпбеков және «ШҚО мәдениет басқармасы» ММ басшысының міндетін атқарушысы Раушан Нурмуханова өңірлік келісімге қол қойды.
Бұл келісімнің мәдениет саласындағы еңбеккерлердің еңбек қатынастарының заңмен реттелуіне, еңбеккерлердің еңбек құқығының бұзылуына жол бермеуге, әлеуметтік әріптестікті тұрақты ұстауға бағытталған.
Құжаттың басты міндеті жұмыскерлердің еңбек ақысын толыққанды төленуіне, кезең-кезеңмен құнсыздануға жол бермей өсіп отыруына, еңбек қауіпсіздігінің сақталуына, ден саулықтарын қорғауға, жұмыс орындарының талапқа сай болуына, жұмыстан заңсыз шеттетілмеуге тағы сол сияқты келеңсіз жайттарға жол бермеуге негізделген.
Тараптар екі жақты келісімнің орындалуына барынша мәлімдеді.
Арнайы қол қою рәсімі, ШҚО кәсіподақтар Үйінің кеңсесінде жүргізілді. Рәсімде ШҚО Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Темірбек Қасымжанов қатысып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде бұл рәсімнің қоғамға аса қажетті құжат екенін жан-жақты айтып өтті.
Ескерте кететін жайт: осындай өңірлік келісім әрбір салаға аса қажет құжат. Сол сияқты әрбір еңбек ұжымында кәсіподақ ұйымы мен мекеме басшысы арасындағы ұжымдық келісім міндетті түрде болуы бүгінгі күннің заң талабы.