Бүгіннен бастап Өскемен және Семей автобус аялдамаларында полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Бір апта ішінде олар азаматтардан сыпайы түрде бетперде киюді сұрайтын болады

Бүгіннен бастап Өскемен және Семей автобус аялдамаларында полиция қызметкерлері жұмыс істейді. Бір апта ішінде олар азаматтардан сыпайы түрде бетперде киюді сұрайтын болады

Күн сайын әкімдермен, бас дәрігерлермен, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және полиция басшыларымен бірлесіп өткізілетін жиын барысында, сондай-ақ бас санитарлық дәрігердің қаулысы аясында қойылатын тиісті талаптардың сақталуына мониторингті күшейту тапсырылды. Өкінішке орай, соңғы екі аптада Аягөз ауданында инфекция жұқтыру жағдайының өсімі байқалады. Талдау көрсеткендей, 14 күн ішінде тіркелген 43 жағдайдың 39-ы сырттан әкелінген. Яғни, "KAZ Minerals Ақтоғай" ЖШС-не жұмысқа келген басқа өңір тұрғындарынан анықталған.

Осыған байланысты, кәсіпорын басшылығына жағдай тұрақталғанға дейін бірқатар облыстардан адамдарды әкелуді тоқтату қажеттілігі туралы хат жолданады.