
Вакцинация қазіргі таңда коронавирустан қорғаудың ең тиімді және қауіпсіз әдісі, сондай-ақ пандемиямен күрестегі дұрыс шешім екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Бүгінде біз өңірдегі және жалпы еліміздегі күрделі жағдайды көріп отырмыз. Халықтың жартысынан көбі бетперде киюді тоқтатты.
Бұл түсінікті, осы уақыт аралығында адамдар белгілі бір дәрежеде шаршады әрі ауа температурасы көтеріліп, күн ысып келеді. Алайда, біз әлеуметтік жауапкершілік туралы ұмытпауымыз керек. Қарапайым ережелерді сақтай отырып, адам өзін ғана емес, жақындарының өмірі мен денсаулығын сақтайды.
Бес ай ішінде біздің облыс 800 мыңға жуық вакцинамен қамтамасыз етіледі. Бұл бізге шығысқазақстандықтардың 60%-ға жуығын вакцинациялауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта өңір бойынша 240 сертификатталған вакцинация пунктері ашылды.
Бүгін 42 мың вакцина алдық. Жақын арада тағы да үлкен партиясы жеткізіледі және ондағы 33 мыңнан астам вакцина өнеркәсіптік кәсіпорындарға беріледі.