
Биыл Аягөзде 26 екі пәтерлі үй, яғни, 52 пәтер «Бірқабатты Шығыс» бағдарласымен салынады. Одан бөлек жеке инвесторлармен «Отбасы банкі» арасындағы келісім бойынша несиеге сатып алуға болатын 50 бірқабатты жер үйлер бой көтереді.
Екі пәтерлі үйлер көпбалалы аналарға, мүгедек бала асыраушы отбасына, әлеуметтік аз қамтылған және толық емес отбасыларға жалға беріледі. Айта кетейік, бұл баспаналар мемлекеттің теңгерімінде тұрады, яғни, жалға алушынын атына аударылмайды.
Ал бір пәтерлі жер үйлерді кезекте тұрған азаматтар несие алу арқылы сатып ала алады, тек қана банкке пәтер құнының бастапқы 10 пайызын құю қажет, содан кейін бірден өз атыңа аударуға болады.