Құтқарушылар Новопокровка тұрғындарын эвакуациялауда

Құтқарушылар Новопокровка тұрғындарын эвакуациялауда

ШҚО ТЖД құтқарушылары мен жергілікті атқарушы органдар Бородулиха ауданы, Новопокровка ауылының тұрғындарын жедел эвакуациялауды ұйымдастыру бойынша шешім қабылдады.

Мұнда еріген сулар үй маңындағы аумақтарды алып қалды. Су деңгейі 10-нан 30 сантиметрге дейінгі аралықты құрайды. Қазіргі уақытта 10 тұрғын үйден адамдар эвакуацияланып, туған-туыстарына жеткізілді. Мектепте және әкімдікте эвакуациялық пункттер дайындалды.

Жалпы, оқиға орнына жеке құрамнан 83 адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, ШҚО ТЖД және жергілікті атқарушы органдардан,№68303 әскери бөлімнен 19 бірлік техника, 3 жүзу құралы, 5 мотопомпа жеткізілді, 400 дана қаптар төселді.

Тұрғындар су тасқыны кезеңіндегі іс-әрекеттер бойынша нұсқау алды.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі