Шығысқазақстандық полицейлер балаларға деген қамқорлықпен сенбілікке шықты

Шығысқазақстандық полицейлер балаларға деген қамқорлықпен сенбілікке шықты

Көктемнің келуімен барлық адамдардың даладағы жұмыстары көбейеді. Біреуі қыстан қалған қатты қарды, ал біреуі ауласын қоқыстан тазалау жұмыстарын жүргізуде. Бүгін ЖҚАЖ жауынгерлері ауласын тазартуды қажет ететін, «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ-ге көмекке келді. Әдеттігі қаруларын тастап, қолдарына еңбек қарулары сыпырғы мен күректерін қолға алып, бірнеше сағат ішінде орталықтың аумағын ретке келтірді. Кейбір тәртіп сақшылары ауланы тазалап, аумақтан қоқыс шығарса, басқалары тәрбиеленушілердің көңіл-күйін сыйлықтармен барды. Бұл кішігірім көмек балалар үшін, теңдесіз. Енді олар таза және қауіпсіз аулада емін-еркін ойнай алады.

- Біз кезекшіліктен бос уақытта аулаларын өз бетінше тазалап, жайластыруға қауһары жоқ жалғызбасты және қарт адамдарға үнемі көмектесеміз. Міне, бүгін кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының аумағында тазалық орнатуға көмектесуді ұйғардық. Енді балалар мекеме аумағында еркін жүгіріп, ойнай алады.

Менің ойымша, көмек қолын соза отырып, біз жас ұрпаққа өзара көмек және жанашырлық сияқты сезімдерді тәрбиелейміз, - деді ШҚО ПД ЖҚАЖ командирінің орынбасары Бейбіт Хамидуллин.

Балалар мен ұжым, өз кезегінде, ерекше алғыстарын білдірді, ал полицейлер үшін қарапайым «рахмет» деген сөз барлық марапаттардан да қымбат.

Шығыс Қазақстан облысы ПД тәртіп сақшыларына үшін сенбіліктер жақсы дәстүрге айналған. Осындай іс-шаралардың арқасында полиция қызметкерлері өз бөлімдерін ғана емес, қаланы абаттандыруға өз үлестерін қосуда.

Осындай сенбіліктерді өткізу бойынша жұмыс барлық аумақтық бөлімшелерде жалғасатын болады.