
2019 жылы Алтай жоғары колледжі негізінде медбикелерді әзірлеу бөлімі ашылды. 12 жаңа жұмыс орны құрылды.
Осы кезеңде «Медбике ісі» мамандығына 93 студент оқуға түсті.Алтай ауданынан және басқа аудандардан 9-11 сыныптар түлектерін қабылдау жүргізілуде.
Колледж басшысы Н.И. Лиханова тұрақты түрде колледждің материалдық-техникалық базасын кеңейту жұмыстарын жүргізді.
Кабинеттер оқушылардың әрі қарай таңдаған мамандықтары бойынша өз бетінше жұмыс істеулері үшін кәсіби дағдыны меңгеріп алуларына мүмкіндік беретін заманауи жабдықтармен және техникалық құралдармен жабдықталған. Практикалық сабақтар арнайы жабдықталған клиникаға дейінгі практика кабинеттерінде өткізіледі. Кабинеттер пациенттерді күтуге арналған арнайы медициналық жиhазбен, қажетті муляждармен, құралдармен жабдықталған, оларды жан сақтау іс-шараларын өткізу дағдыларын жетілдіру үшін практикалық сабақтарда пайдаланады.
Манипуляция техникасын меңгеру үшін кабинеттерде студенттер пациенттерді күту дағдысын меңгеретін жұмыс аймақтары жабдықталған.
Қатысушылар анатомия және физиология, педиатрия және гинекология кабинеттерін барып көрді.
Жұмыс орындарын жабдықтаудың барынша жоғары деңгейі студенттерге клиникаға дейінгі сабақтарда кәсіби орта жағдайын табыспен имитациялауға мүмкіндік береді.
Колледж түлектері Алтай ауданының орта медицина жұмыскерлері кадрларына деген мұқтаждықты қанағаттандырады.