"Қарапайым заттар экономикасы" салаларын дамыту шеңберінде басым жобаларды жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы бойынша агрокредит корпорациясы арқылы Бесқарағай ауданында 2020 жылы 134.2 млн.теңге сомасына 6 жоба қаржыландырылды, ауыл шаруашылығы саласында мал шаруашылығы бағыты бойынша жобалардың көпшілігі мақұлданған

Бұл бағдарлама ел тұрғындары күнделікті пайдаланатын азық-түлік өнімдері мен өнеркәсіптік тауарлардың жергілікті өндірісін дамытуға бағытталған. Бағдарламаға қатысушылар арасында 2017 жылдан бастап абердин-ангус тұқымды ІҚМ өсірумен айналысатын "Жайжа" ЖШС бар. Сатып алынған техниканың және абердин-ангус тұқымды 76 бас ІҚМ сатып алудың арқасында кәсіпкер мал санын ұлғайтты, қосымша 4 жұмыс орнын ашты. Кәсіпорында барлығы 11 адам еңбек етеді.
⠀
Бүгінгі таңда "Жай-Жа" ЖШС-да ІҚМ саны 550 басты құрайды, оның ішінде аналық мал басы 311 бас.
⠀
– Мен бұрын таныстарымнан осы бағдарлама туралы жағымды пікірлер естідім, атап айтқанда, ауыл шаруашылығын дамыту үшін түрлі мақсаттарға несие алу мүмкіндігі бар. Займдардың бұрыңғы өндірісті дамытуға да, сондай-ақ мүлде жаңа өндірісті құруға да берілетіні қуантады. "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламасының арқасында мен қолымда бар нәрсені дамытуды жалғастырамын, жұмыс істеп тұрған өндіріске жаңа өмір дем беру үшін өз қуатымды іске қостым, енді ертеңгі күнге деген сенім бар. Сондай – ақ, жыл сайын біздің шаруашылығымызға субсидиялар берілетінін атап өткім келеді, бұл біздің мемлекетіміздің үлкен қолдауы деп санаймын, - деп түсіндірді "Жай-Жа" ЖШС директоры Жәнібек Жұмағазы.