ШҚО Өскемен қаласында футзалдан облыстық біріншілік өтті

ШҚО Өскемен қаласында футзалдан облыстық біріншілік өтті

1 лига тобында облыстың 12 командасы қатысты.Тартысты ойын барысында 3 орынды Шемонайха ауданының "Жұлдыз" командасы, 2 орынды Күршімдік спортшылар, 1 орынды Өскемен қаласының "Алтай чемпионс" командасы иеленді. Күршімдік Мәди Ақанов жалпы біріншіліктің "Үздік Қорғаушысы" атанды.

Наурыз айының 21-24 күндері аралығында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысының ерлер командалары арасында волейболдан облыстық біріншілік өтті. Біріншілікке 19 команда қатысты.Күршімдіктер өз топтарында: Зайсан, Үржар, Ұлан аудандарының командаларын жеңіп, финалдық ойындарда Тарбағатай, Глубокое аудандары мен Риддер қаласының командаларынан басым түсіп чемпион атанды.
Сонымен қатар, 26-28 наурызы күндері Өскемен каласында әйелдер арасында волейболдан өткен облыстық біріншілікте 1 орынды Ұлан ауданының командасы, 2 орынды Күршімдіктер, 3 орынды Глубокое ауданының командасы иеленді.