Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай
02.04.2021ж. тәулікте КВИ-дің 42 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 35 (83%) симптомдық және 7 (17%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмонияның) 3 жағдайы тіркелді, оның ішінде Өскемен қаласында – 3.
 
КВИ-дің жаңа 42 жағдайының ішінде:
- 17 Семей қ. 16с, 1с/з;
- 13 Өскемен қ. 12с, 1 с/з;
- 3 Аягөз ауданында (Аягөз қаласы-1) 1с, 2с/з;
- 3 Риддер қ. - 1с, 2с/з;
- 2 Глубокое ауданында (Глубокое кенті-0) 1с, 1с/з;
- 2 Алтай ауданында (Алтай қаласы – 2) 2с;
- 1 Бородулиха ауданында (Бородулиха ауылы - 1) 1с;
- 1 Көкпекті ауданында (Көкпекті ауылы-0) 1с;
⠀
Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,2%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,1%, Семей қаласында-0,2%- ды құрады.
⠀
Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 11704 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6931 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.
⠀
Жалпы облыс аумағында барлығы 22963 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 15832 жағдай (69%), симптомсыз 7131 жағдай (31%).
⠀
100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші– 1681,2 (республикалық көрсеткіш– 1341,2) құрады. 1355 байланыста болған адамдар мен 438 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.