
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 2021 жылғы су тасқыны кезеңінің өтуі барысы бойынша тжиналыс өткізіп, өңірде болуы ықтимал төтенше жағдайлар туралы талқылады.
Ауа температурасының көтерілуіне және су айдындарында мұздың еруіне байланысты Шығыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы қарқынды іс-шаралар барысы жалғасуда. Соңғы екі аптада облыс аумағының қармен жабылған ауданы 97% - дан 59% - ға дейін азайды. Бүгінгі таңда 564 мың текше метр қар шығарылды. Жедел штабтар 3779 автомобиль және 160 темір жолда су өткізу құрылыстарын, сондай-ақ 575 көпірді, 689 арық пен каналды тазартты. 2412 бірлік техника, 377 мотопомпа, сондай-ақ 108 эвакопункт дайындалды.
– Су басу қаупі бар 19 елді мекен үшін уақытша орналастыру пункттері қарастырылған, Сондай-ақ Алтай ауданында 32, Катонқарағай ауданында 21, Бесқарағай ауданында 13, Глубокое ауданында 30 мотопомпа әзірленді, – деп хабарлады ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Ерлан Нұрпейісов. - Облыс аумағында жоғары дайындық режимі жұмыс істейді, жедел штабтар құрылды. Қалалар мен аудандардың әкімдіктері 109,6 мың дана қап, 15,5 мың тонна инертті материалдар, 532 тонна ЖЖМ дайындады.
Сондай-ақ, Ерлан Нұрпейісовтің айтуынша, 2021 жылдың 31 наурызына Күршім ауданы 150 см, Катонқарағай ауданы 147 см, Бесқарағай ауданы 124 см, Зайсан ауданы 120 см, Бородулиха ауданы 110 см және Алтай ауданы 119 см деңгейде жер қатып қалған. Облыстың қалған аумағында жердің қату мөлшері Глубокое ауданында 34 см, Аягөз бен Көкпектіде 71 см-ге дейінгі аралықты құрайды.
Өз кезегінде аймақ басшысы Даниал Ахметов аудан әкімдеріне су тасқыны қаупі бар барлық елді мекендерді қайта аралап, жағдайды баяндауды тапсырды.
– Жағдай күрделі. Күшейтілген жұмыс жүргізіліп жатқанын көріп отырмын. Орынбасарым Бақытжан Байахметовке және ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ерлан Нұрпейісовке қажетті техникалық ресурстарды Катонқарағай, Бесқарағай, Глубокое, Көкпекті және Алтай аудандарына жіберу үшін ТЖД жергілікті атқарушы органдарының күштер резервін қалыптастыруды тапсырамын. Егер қажеттілік туындаған жағдайда, жарты сағат ішінде су басқан аумаққа қарай жинап, жіберу керек. Бүгін аталған аудандардың әкімдері су бұру бойынша елді мекендерді тексеруі тиіс, - деп қорытындылады ШҚО әкімі Даниал Ахметов.