Бородулиха ауданында су тасқынына қарсы шаралар жоспарға сәйкес өтуде

Бородулиха ауданында су тасқынына қарсы шаралар жоспарға сәйкес өтуде

Бүгінгі таңда ауданда су өткізу құбырлары мен көпірлер тазартылуда. Шаруашылық субъектілерінің, коммуналдық шаруашылық қызметінің техникасы жұмылдырылып, инертті материал салынған қаптар даярланып, Красный Яр ауылдық округінің Красный Яр ауылындағы Уба өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді.

Бородулиха ауданында су басу қауіпі жоғары бір елді мекен бар. Ол –Красный Яр ауылы. Су арыны бағынбай, шиеленіскен жағдай болатын болса тұрғындарды эвакуациялауға Новая Шульба ауылында барлық қажетті құралдармен жабдықталған эвакуациялық орын дайын.

Ауыл шаруашылығы жануарлары «Красный Яр» шаруа қожалығының сүт-тауарлы фермасына орналастырылатын болады.

Бүгінгі таңда су басу қауіпін сейілту мақсатында Бородулиха ауданының аумағында біршама іс-шаралар атқарылды, басым көпшілігі аяқталып қалды. Мұзда жарылыс жұмыстары жүргізіліп, жанар-жағар май сатып алынды, аудан бюджетіне төтенше резерв бөлінді. 5000 дана қап және әр ауылда инертті материал дайындалды, су тасқыны қауіпі күшейген жағдайға деп 300 тонна инертті материал жеткізуге «ОблШығысЖол» ЖШС-мен келісім шарт жасалды – деп хабарлады аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар жөніндегі бас инспекторы Роман Блок.

Және де аудан аумағында су өткізу құбырлары мен көпірлер қардан тазартылып, елді мекендерден қар шығару жұмыстары аяқталып келеді.

Су тасқынының салдарларын жоюға азаматтық қорғаныс органдарының күштері мен құралдары жұмылдырылатын болады (2 бірлік техника, 30 адамнан тұратын жеке құрам, 6 мотосорғы, жергілікті полиция қызметінен 1 бірлік техника, жеке құрамның 2 қызметкері, жергілікті атқарушы органнан 15 адам және 11 бірлік техника дайындалған)