
21-27 нарурыз аралығында Ақмола облысы, Щучинск қаласында Шаңғы жарысынан Қазақстан Республикасының кубогі өтті.
Жарыста Үржар ауылының тумасы Қасенов Дидар спорттың 3 түрінен, яғни спринттік, классикалық додада және 50 км еркін жүгірістен 1-орынға ие болды.
Үржар ауданы, Қаратұма ауылының тумасы Ракишева Айша 10 км классикалық жарыста 1- орынға ие болып, 30 км еркін жүгірісте 2 – орынды иеленді.
Үржар ауылының тумасы Нурсбеков Ернар аралас спринтерлік, классикалық жарыста 2- орынға ие болды.
Сонымен қатар 2021 жылдың 4-11 наурыз аралығында, Риддер қаласында да шаңғы жарысынан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп, бұл додада да Үржар ауданының спортшылары белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтқанда, Қасенов Дидар - 4 алтын, 1күміс, Кожабек Еламан - 1 күміс, 1 қола, Нурсбеков Ернар - 2 күміс, 1 қола, Махмутова Камила - 2 күміс, 2 қола, Муратбеков Әмірғали - 1 алтын иеленді.
Жалпы 2020-2021 жылдарда Үржар ауданының спортшылары Шаңғы спорт түрінен өз белсенділіктерін көрсетіп, Республикалық деңгейде жүлделі орындарды иеленді.