Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

30.03.2021ж. тәулікте КВИ-дің  24 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 17 (71%) симптомдық және 7 (29%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмонияның)  4 жағдайы тіркелді, оның ішінде Шемонаиха ауданында – 3, Өскемен қаласында – 2, Глубокое ауданында – 1, Көкпекті ауданында – 1, Күршім ауданында – 1.

КВИ-дің жаңа 24 жағдайының ішінде:

- 16 Семей қ. 13с, 3 с/з;

- 7 Өскемен қ. 4 с, 3 с/з;

- 1 Аягөз ауданында (Аягөз қаласы-0) 1 с/з;

Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,2%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,1%, Семей қаласында-0,2%- ды құрады.

Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 11668 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6917 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.

Жалпы облыс аумағында барлығы 22846 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 15737 жағдай (69%), симптомсыз 7109 жағдай (31%).

100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші– 1672,6  (республикалық көрсеткіш– 1308,8) құрады. 1162 байланыста болған адамдар мен 372 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.