Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

28.03.2021ж. тәулікте КВИ-дің 38 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 23 (61%) симптомдық және 15 (39%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. COVID-19 анықталмаған (пневмония) жағдайлары тіркелген жоқ.
⠀
КВИ-дің жаңа 38 жағдайының ішінде:
- 14 Семей қ. 11с, 3 с/з;
- 10 Өскемен қ. 5с, 5 с/з;
- 5 Риддер қ. - 2с, 3с/з;
- 2 Аягөз ауданында (Аягөз қаласы-0) 1с, 1с/з;
- 2 Ұлан ауданында (Қасым Қайсенов кенті - 1) 1с, 1 с/з;
- 2 Шемонаиха ауданында (Шемонаиха қаласы – 1) 2 с/з,
- 1 Бесқарағай ауданында (Бесқарағай ауылы – 0) 1с;
- 1 Глубокое ауданында (Глубокое кенті-0) 1c;
- 1 Катонқарағай ауданында (Үлкен Нарын ауылы-1) 1 с/з;
⠀
Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,2%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,1%, Семей қаласында-0,2%- ды құрады.
⠀
Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 11649 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6902 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.
⠀
Жалпы облыс аумағында барлығы 22800 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 15706 жағдай (69%), симптомсыз 7094 жағдай (31%).
⠀
100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші– 1669,2 (республикалық көрсеткіш– 1292,2) құрады. 1089 байланыста болған адамдар мен 363 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.