Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

27.03.2021ж. тәулікте КВИ-дің 39 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 36 (92%) симптомдық және 3 (8%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. COVID-19 анықталмаған (пневмония) жағдайлары тіркелген жоқ.
⠀
КВИ-дің жаңа 39 жағдайының ішінде:
- 18 Семей қ. 18с;
- 17 Өскемен қ. 16с, 1 с/з;
- 2 Бесқарағай ауданында (Бесқарағай ауылы – 1) 1с, 1б/с;
- 2 Шемонаиха ауданында (Шемонаиха қ. – 1) 1с, 1б/с;
⠀
Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,2%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,1%, Семей қаласында-0,2%- ды құрады.
⠀
Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 11643 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6891 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.
⠀
Жалпы облыс аумағында барлығы 22762 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 15683 жағдай (69%), симптомсыз 7079 жағдай (31%).
⠀
100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші– 1666,4 (республикалық көрсеткіш– 1280,4) құрады. 1085 байланыста болған адамдар мен 359 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.