Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ еліміздің барлық өңірлерінде танымал. Бағдарламаның мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ еліміздің барлық өңірлерінде танымал. Бағдарламаның мақсаты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту болып табылады

 "Еңбек" бағдарламасы бойынша 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік грантқа қатысуға бағдарламаның бірінші бағыты бойынша оқуды, сондай-ақ "Бастау-Бизнес"жобасы бойынша курстарды аяқтаған тұлғалар үміткер бола алады. Оның арқасында қазақстандықтар жаңа дағдыларды үйреніп, жұмыс тауып, өз ісін ашты. Солардың бірі-Бесқарағай ауданының тұрғыны Андрей Тарасов. Ол металл профильден қақпалар мен терезе торларын жасау цехын ашуға 200 АЕК көлемінде өтеусіз грант алды. Бөлінген қаржы қаражатына бизнес-жоспарға сәйкес жабдықтар сатып алып, қазіргі уақытта өз бизнесін жүргізуде. Терезе есіктеріне арналған қақпалар мен торларды дайындайды және орнатады.
"Оқудан өтіп, грант алып, өз бизнесімді дамыта алатынымды түсіндім. Мен өзімнің ауылдастарыма жақсы бизнес жоспар жазып, грант алуға болатынын және ең бастысы қорықпау керектігін айтамын. Мемлекет тарапынан мұндай көмек ауыл тұрғындары үшін өте маңызды, әсіресе адамдардың өздері алға жылжуға мүдделі болған кезде. Ел басшылығына, Президентімізге берілген мүмкіндіктер үшін алғысымды білдіргім келеді."- дейді Андрей Тарасов.
Айта кетейік, 2020 жылы Бесқарағай ауданында "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасының 69 қатысушысы, халықтың түрлі санаттарынан: өзін-өзі жұмыспен қамтығандар,
жастар, аз қамтылғандар,
көпбалалы отбасылар,
еңбекке қабілетті мүгедектер,
қоныс аударушылар,
мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға жаңа бизнес-идеяларды ашуға 38 336,4 мың теңге сомасында мемлекеттік гранттар берілді.