Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

18.03.2021ж. тәулікте КВИ-дің 28 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 22 (79%) симптомдық және 6 (21%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмонияның) 7 жағдайы тіркелді, оның ішінде Шемонаиха ауданында – 4, Алтай ауданында – 2, Глубокое ауданында – 1.

КВИ-дің жаңа 28 жағдайының ішінде:

- 9 Семей қ. 8с, 1 с/з;

- 8 Өскемен қ. 5с, 3 с/з;

- 4 Риддер қ. - 4с,

- 2 Глубокое ауданында (Глубокое кенті-0) 2 с/з;

- 2 Ұлан ауданында (Қасым Қайсенов кенті - 0) 1с, 1 с/з;

- 1 Аягөз ауданында (Аягөз қаласы-0) 1 с/з;

- 1 Бесқарағай ауданында (Бесқарағай ауылы – 0) 1с;
- 1 Тарбағатай ауданында (Ақсуат ауылы - 0) 1 с/з.

Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,2%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,1%, Семей қаласында-0,2%- ды құрады.

Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 11558 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6819 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.

Жалпы облыс аумағында барлығы 22551 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 15527 жағдай (69%), симптомсыз 7024 жағдай (31%).

100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші– 1650,9 (республикалық көрсеткіш– 1224,6) құрады. 1168 байланыста болған адамдар мен 408 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр