Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Викторович Ильин келді

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Викторович Ильин келді

Кездесу барысында өңірдің 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығын талқыладық.

Сондай-ақ, министр біздің ведомствоаралық бірыңғай ахуал орталығымызда болды. Барлық ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылының интеграцияланған жаңа моделімен танысты.

Жалпы, қазіргі уақытта Күршім ауданын қоспағанда, облыстың барлық аумағында жердің қатып қалу деңгейі 2018 жылдың көрсеткішінен аспайды. Таулы аймақтарда қар жамылғысының биіктігі 1,5-тен 2 м-ге дейін жетеді. Бұған қоса, наурыз айының басынан бастап жауын-шашынмен ауа райының тұрақсыз сипаты байқалады.

Қазгидрометтің мәліметінше, наурыздың бірі мен оны аралығында болған жауын-шашын мен қардан облыстың 9 ауданында су қоры орташа көпжылдық көрсеткіштен асады. Талдау көрсеткендей, елді мекендерді су басу қаупінің деңгейі шартты түрде Өскемен қаласы, Алтай, Катонқарағай, Тарбағатай, Глубокое, Шемонаиха, Көкпекті және Бородулиха аудандары үшін жоғары деп айқындалған.

1 ақпаннан бастап облыс жоғары дайындық режиміне көшкен. Су тасқынына қарсы іс-шаралар жоспары іске асырылуда. Жергілікті бюджетте төтенше жағдайларды жоюдың кезек күттірмейтін шығындарына жалпы сомасы 1,9 млрд.теңге қаражат қарастырылған. Сондай-ақ, қала және аудан әкімдіктері 97 мың дана қап, 15 мың тонна инертті материалдар, 419 тонна ЖЖМ дайындады. Әкімдіктердің күштері мен құралдарының саны 3 164 адамды, 2 117 бірлік техниканы, 190 мотопомпаны құрайды.

15 наурыздағы жағдай бойынша қалалар мен аудандарда 474 мың текше метр қар шығарылды, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарындағы 3637, темір жолдардағы 156 су өткізу құрылыстары, 549 көпір, 629 канал арықтары тазартылды.

Бұқтырма, Ертіс, Күршім, Уба өзендерінде мұзды жару жұмыстарына облыстық бюджеттен 198 млн. теңге бөлінді.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда және ерекше бақылауда.