
Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда қалалар мен аудандарда 338 дәрігер жетіспейді. Дәрігерлерді аудандық ауруханаларда жұмыс істеуге ынталандыру үшін өңір басшысы Даниал Ахметов қазірдің өзінде дәрігерлерге қанша үй бөлуге болатынын және қанша салу керектігін талдауға тапсырма берді.
- Бірінші сәуірге дейін қалалар мен аудандардың әкімдері, сондай-ақ Денсаулық сақтау басқармасы егжей-тегжейлі талдау нәтижесін ұсынуы тиіс. Бұл мәселені шешу керек. Тұрғын үйдің қажетті саны бар, оның ішінде биыл, әсіресе аудандарда үйлердің құрылысы жақсы қарқынмен жалғасуда, - деді Даниал Ахметов облыс әкімдігінің отырысында.
Айта кетейік, қазір өңірде денсаулық сақтау саласындағы мамандарды тарту және сақтау үшін барлық жағдай жасалуда