Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

16.03.2021ж. тәулікте КВИ-дің 14 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 11 (79%) симптомдық және 3 (21%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмонияның)  4 жағдайы тіркелді, оның ішінде Көкпекті ауданында – 2, Шемонаиха ауданында - 3.

КВИ-дің жаңа 14 жағдайының ішінде:

- 4 Өскемен қ. 4с;

- 3 Семей қ. 3с;

- 3 Алтай ауданында (Алтай қаласы – 1) 2с, 1с/з;

- 1 Аягөз ауданында (Аягөз қаласы-0) 1 с/з;
- 1 Бесқарағай ауданында (Бесқарағай кенті – 0) 1с;

- 1 Көкпекті ауданында (Көкпекті ауылы-0) 1с/з;

- 1 Шемонаиха ауданында (Шемонаиха қаласы – 0) 1 с,

Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,2%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,1%, Семей қаласында-0,2%- ды құрады.

Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 11543 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6798 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.

Жалпы облыс аумағында барлығы 22505 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 15492 жағдай (69%), симптомсыз 7013 жағдай (31%).

100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші– 1647,6 (республикалық көрсеткіш– 1205,8) құрады. 1189 байланыста болған адамдар мен 442 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.