Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

12.03.2021ж. тәулікте КВИ-дің 35 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 22 (63%) симптомдық және 13 (37%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмонияның)  4 жағдайы тіркелді, оның ішінде Өскемен қаласында – 1.

КВИ-дің жаңа 35 жағдайының ішінде:

- 14 Семей қ. 10с, 4 с/з;

- 12 Өскемен қ. 6с, 6 с/з;

- 4 Риддер қ. - 3с, 1с/з;

- 4 Алтай ауданында (Алтай қаласы – 0) 2с, 2с/з;

- 1 Глубокое ауданында (Глубокое кенті-1) 1 с.

Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,2%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,1%, Семей қаласында-0,2%- ды құрады.

Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 11509 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6732 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.

Жалпы облыс аумағында барлығы 22429 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 15445 жағдай (69%), симптомсыз 6984 жағдай (31%).

100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші– 1642,06 (республикалық көрсеткіш– 1189,6) құрады. 1389 байланыста болған адамдар мен 553 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.