
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өзбекстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Аброр Фатхуллаевпен кездесті. Кездесу барысында экономикалық ынтымақтастық, оның ішінде туризм саласындағы серіктестік мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар, еңбек көші-қоны бағытындағы бірлескен жұмыс мүмкіндіктері талқыланды. Бұл ретте Өзбекстан Республикасының Бас консулы Аброр Фатхуллаев өз елінің азаматтарын еңбекке тартуда ШҚО-ның тәжірибесі басқаларға үлгі болып табылатынын атап өтті.
– Еліміздің Президенті, өткен жылдың тамыз айында, реттелген қауіпсіз еңбек көші-қонын ұйымдастыру туралы қаулы шығарды. Бұл тұрғыда бізге ШҚО компанияларымен серіктестікке мүдделіміз. Кеше "Сервис СМУ" компаниясының басшылығымен кездестік, құрылыс нысандарын көрдік, онда жұмыс істейтін мигранттармен жүздестік. Ең бастысы, сіздердің облыстарыңыздағы құрылыс компаниялары жұмысқа тарту бағытындағы жұмысты заңнамаға сәйкес жүзеге асырады, – деді Өзбекстан Республикасының Бас консулы Аброр Фатхуллаев. – Сондай-ақ, біз Өзбекстан облыстарының сіздерді өңірлеріңізбен киелі, экологиялық және медициналық туризм аясында тікелей байланыс орнатқанын қалаймыз.
Сондай-ақ, Аброр Фатхуллаев Шығыс Қазақстанда жұмыс күшінің қажеттілігі бойынша қызметкерлерді қабылдауға көмектесуге дайын екенін айтты.
- Мен меморандумға қарадым, оны толық қолдаймын. Ең қысқа уақытта біз оған қол қоямыз. Міндет, ең алдымен, біздің тарапымыздан – Өзбекстаннан келген азаматтарды қабылдап, лайықты жағдай жасау. Барлық тиісті тапсырмалар берілді. Мен Өзбекстаннан келген бауырларымыз жұмыс істейтін құрылыс компанияларын білемін, олармен өзім кездестім. Егер қандай да бір кемшіліктер болса, олар қысқа мерзімде жойылады, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
Сонымен қатар, Даниал Ахметов машина жасау саласында бауырлас елдеріміз жақсы жұмыс істей алатынын атап өтті. Себебі Өзбекстанда машина жасау зауыты бар, ал Шығыс Қазақстанда түрлі техникалар жинақталады.