Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

10.03.2021ж. тәулікте КВИ-дің 18 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 13 (72%) симптомдық және 5 (28%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмонияның) 3 жағдайы тіркелді, оның ішінде Шемонаиха ауданында - 1.
⠀
КВИ-дің жаңа 18 жағдайының ішінде:
- 7 Семей қ. 5с, 2 с/з;
- 4 Өскемен қ. 3с, 1 с/з;
- 1 Алтай ауданында (Алтай қаласы – 1) 1с;
- 2 Катон-Қарағай ауданында (Үлкен Нарын – 0) 2 с/з
- 1 Аягөз ауданында (Аягөз қаласы-1) 1 с;
- 1 Глубокое ауданында (Глубокое кенті-0) 1 с;
- 1 Шемонаиха ауданында (Шемонаиха қаласы – 1) 1 с,
⠀
Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,1%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,2%, Семей қаласында-0,3%- ды құрады.
⠀
Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 11487 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6705 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.
⠀
Жалпы облыс аумағында барлығы 22360 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 15397 жағдай (69%), симптомсыз 6963 жағдай (31%).
⠀
100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші– 1637,01 (республикалық көрсеткіш– 1179,4) құрады. 1586 байланыста болған адамдар мен 636 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.