Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

07.03.2021ж. тәулікте КВИ-дің 21 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 16 (76%) симптомдық және 5 (24%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмонияның) 4 жағдайы тіркелді, оның ішінде Шемонаиха ауданында - 1.
⠀
КВИ-дің жаңа 21 жағдайының ішінде:
- 9 Семей қ. 5с, 4 с/з;
- 7 Өскемен қ. 7с;
- 2 Риддер қ. - 2с;
- 2 Алтай ауданында (Алтай қаласы – 2) 1с, 1с/з;
- 1 Бесқарағай ауданында (Бесқарағай кенті – 0) 1с.
⠀
Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,2%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,4%, Семей қаласында-0,4%- ды құрады.
⠀
Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 11446 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6669 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.
⠀
Жалпы облыс аумағында барлығы 22315 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 15364 жағдай (69%), симптомсыз 6951 жағдай (31%).
⠀
100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші– 1633,9 (республикалық көрсеткіш– 1168,7) құрады. 1620 байланыста болған адамдар мен 782 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.