
"Ағымдағы жылы облыстағы бұрынғы 13 аудан орталығын дамыту жөніндегі кешенді жоспарларды іске асыруды бастаймыз. Бұл мақсатқа қаржыландырудың барлық көздерінен, соның ішінде жеке инвестициялардан, республикалық және облыстық бюджеттерден 64 миллиард теңге қарастырылған.
Ең бастысы, жоспарланған барлық жобалар кезектілік бойынша қарастырылуы қажет. Мәселен, мен жақында Таврия ауылында болдым. Ол жерде мектеп пен аурухананы жылытуда мәселелер бар екені белгілі болды. Төрт қазандықтың екеуі ғана жұмыс істейді. Сондықтан қазандықтарды жөндеу жұмысы басым болуы тиіс екені анық. Әрбір аудан әкімі жергілікті жердің жағдайын егжей-тегжейлі түсініп, қандай да бір жобалардың мақсаттылығын, бірінші кезектілігі мен маңыздылығын бағалауы қажет. Осыған сәйкес, кешенді жоспар даярлайды. Әр кешенді жоспар қарастырғаннан кейін ғана қаражат бөлінеді, өйткені әр инвестиция өзін-өзі ақтауы керек.
Сонымен қатар, биыл Серебрянскідегі бейорганикалық өндіріс зауытына тиесілі әкімшілік ғимаратта мәдениет үйін, спорт және әлеуметтік нысандарды орналастыратынымыз белгілі. Тек Серебрянск қаласын дамытуға жалпы есепте 8 миллиард теңге бөлінді. Биыл соның 2,9 миллиард теңгесі қаланы дамытуға бағытталады".
Сонымен қатар, Шарда мектеп пен аурухана жөнделеді, Қайнарда жол мен денешынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы, мектеп пен спорт залының шатырын жөндеу жүргізіледі. Барлық бұрынғы аудан орталықтары сапалы сумен жабдықталады, тұрғын үй құрылысы, әлеуметтік сала, денсаулық сақтау, бұқаралық спорт және мәдениет саласын дамыту көзделген.