Құрметті асыл аналар, аяулы арулар!

Құрметті асыл аналар, аяулы арулар!

Көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әлемнің жарығын сыйлаған Ана – өмірдің өзегі, тіршіліктің тамыры. Сіздер бұл дүниені сұлулықпен толтырып, нәзіктікпен жылытасыздар. Қызметте, отбасында баршамызды қамқорлық пен шапағатқа бөлеп, ізгілік нұрын шашасыздар.
Шұғылалы көктемнің әр күнінде өздеріңізге жолданған жылы лебіз мен ыстық ықылас мейірім, сұлулық пен сүйіспеншіліктеріңізге деген шексіз құрметтің дәлелі.
Отбасының шуағы болған әйел Отанға да адал қызмет етеді. Сіздер тәуелсіз еліміздің мерейін үстеп, дамуы мен гүлденуіне сүбелі үлес қосып келесіздер. Қоғамдағы келісім мен бейбітшіліктің, бірлік пен ынытмақтың мызғымас құндылықтарын жаңа ұрпаққа сақтап, табыстайтын да өздеріңіз.
Аяулы асыл жандар, сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, толағай табыс тілейміз! Ешқашан жүздеріңізден күлкі кетпесін. Мереке құтты болсын!
Даниал АХМЕТОВ,
Шығыс Қазақстан облысының әкімі