
2021 жылғы 3 наурызда ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.
Бүгінгі таңда балабақша директоры мен тәрбиешісі ҚР Еңбек кодексінің 52-бабы аясында қызметтерінен босатылды. Бүгін ШҚО білім басқармасының басшылығы балабақшаның ата-аналарымен кездесу өткізеді. Сондай-ақ, қаланың үздік психологтары балалармен жұмыс істеуге тартылатын болады. Мәселе облыс басшылығының бақылауында.