Даниал Ахметов ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңірдегі агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың және инвестициялық жобаларды іске асырудың негізгі бағыттары туралы баяндады. Бұл туралы аймақ басшысы әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады.

Даниал Ахметов ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында өңірдегі агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың және инвестициялық жобаларды іске асырудың негізгі бағыттары туралы баяндады. Бұл туралы аймақ басшысы әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады.

«Бүгінгі таңда облыста ауыл шаруашылығы министрлігі жүзеге асыратын қолдау бағдарламаларының арқасында АӨК көрсеткіштерінің өсу қарқыны тұрақты. 2020 жылы өсімдік шаруашылығының жалпы көлемі 121%-ға өсті, мал шаруашылығында өсім 112% құрады, инвестициялық салымдар 125%-ға ұлғайды, саланың НКИ 102,6% құрады.

Өңірде импортты алмастыруға және экспортты ұлғайтуға бағытталған 210 млрд.теңгенің 20 ірі инвестициялық жобасы іске асырылуда.

Биыл Семей қаласында қуаттылығы жылына 300 мың тонна шикізат бойынша күнбағыс өңдеу зауыты жұмысын бастайды, 2022 жылға қарай қуаты осындай тағы бір кешен іске қосылады.

Келесі жылы өңдеу қуаты жылына 90 мың тоннаны құрайтын «Эмиль» сүт зауытының жаңа ошағының құрылысы аяқталады. Тауарлар тобына ірімшік және бүгінгі күні импортталып отырған аралас құрамдағы өнімдер қосылады. 2022 жылға дейін қуаты жылына 13,7 мың тонна сүтті құрайтын 6 сүт-тауарлы фермасын іске қосу жоспарлануда.

Импортты алмастырудың негізгі жобасы Өскемен құс фабрикасын 2021 жылы 28 мың тоннадан 55 мың тоннаға дейін кеңейту болып табылады.

Облыста балық шаруашылығы бағытындағы 3 жоба жүзеге асырылды, болашақта балық өсіретін тағы 7 нысан іске қосылады. Пайдалануға берілетін екі ет комбинатын шикізатпен қамтамасыз ету үшін 18 мың бас ІҚМ бордақылайтын 6 алаң құру жоспарлануда».

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің айтуынша, инвестициялық жобаларды іске асыруда мемлекеттік қолдау өте маңызды және оның ең тиімді тетігі инвестициялық субсидиялау болып табылады. Осы ретте әкімдік тарапынан агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жаңа ұлттық жобаны әзірлеу барысында осы мәселеге ерекше назар аудару ұсынылды.