
Түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілері бұл сайыста өздерін жан-жақты көрсете білді. «Вдохновение» вокалдық ансамблінің ересек тобы бірінші орын, ал кіші топ екінші орын үшін иеленді.
Содай-ақ, «Каприз» би театры «Хореография» номинациясы бойынша кубок, медальдар және жеңімпаз дипломын алды. Сонымен қатар, «Көркемсөз», «Сәндік-қолданбалы өнер», «Бейнеролик» және «Компьютерлік ойын» номинациялары бойынша үздіктер анықталды.
- Біздің балаларымыздың және барлық педагогикалық ұжымның атынан еліміздегі және әлемдегі қазіргі жағдайға қарамастан, жасөспірімдерді дұрыс бағытта тәрбиелеп, алға қойған мақсаттарға жетеміз деп сендіргіміз келеді, - дейді Гүлнар Қадырғалиева, мектеп-интернат директоры.
Шығармашылық байқауды өткізуге қалалық мәслихат депутаты және «Бірлік» кәсіпкерлер қауымдастығының директоры Галина Гильдерман мұрындық болды. Іс-шараны өткізуге қала кәсіпкерлері демеушілік көмек көрсетті.
Жеңімпаздарды марапаттау барлық санитарлық нормаларды толық сақтаумен өткізілді. Наградалар және сыйлықтармен бірге балалар жағымды эмоциялар алды. Бұл балаларға өз күшіне деген сенім мен үміт сыйлайтыны анық. Себебі, ешбір шектеулер олардың дамуға, жасауға, жеңуге деген ұмтылыстарын шектей алмайды!