Екінші жыл Курчатов қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы жүзеге асырылуда, бұл тұрғындарға қаланың кез келген бөлігін абаттандырудың толық құқықты қатысушысы болуға мүмкіндік береді.

Екінші жыл Курчатов қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы жүзеге асырылуда, бұл тұрғындарға қаланың кез келген бөлігін абаттандырудың толық құқықты қатысушысы болуға мүмкіндік береді.

Қатысу үшін өтінімді толтырып, ұсынылған жобаны электрондық үкімет порталында қоса беру қажет. Талаптарға сәйкес келетін жобалық ұсыныстар дауыс беруді өткізу үшін ресми интернет-ресурста және БАҚ-да орналастырылады. Дауыс беру рәсімі аяқталғаннан кейін Сараптамалық кеңес дауыс беру нәтижелерін шығарады.
Өткен жылы халықтан бірнеше өтінім келіп түсті, сараптау комиссиясының шешімімен 5 млн.теңге сомасына қала аулаларының бірінде спорт алаңын орнату бойынша жоба таңдалды. Алаң ағымдағы жылы орнатылады. Биыл халық жалпы сомасы 10,0 млн.теңгеге екі жобаны әзірлеуге қатыса алады.
Жобаның мәні, қарапайым азаматтар үшін өзінің белсенді азаматтық ұстанымын көрсету, қала бюджетінің шығыс бөлігіне жеке бап енгізу есебінен жалпы пайдаланымдағы аумақтың қандай да бір маңызды бөлігін жедел жайластыру мүмкіндігінде. Алынған тәжірибе бюджетті қалыптастыру рәсімін егжей-тегжейлі ұсынуға мүмкіндік береді, бұл бюджет қаражатының жұмсалуын қоғамдық бақылау үшін пайдалы.
Алғаш рет электрондық үкімет порталында халықтық жоспарлау жобасын пайдалана отырып, тұрғындар өз қалаларының өміріне ықпал ету мүмкіндігіне ие болды.