Жалпы өзеннің аудан бөлігіндегі ұзындығы 30-35 шақырымды құрайды. Өзеннің бойында 169 тұрғын үйі бар Красный Яр ауылы орналасқан. Ал халық саны 473 адам.
⠀
Көктем келе өзендегі су арнасынан асып, ауыл-аймаққа қауіп төндіретіні белгілі. «Ол жағдайда 24 үйде 67 адам тұратын екі көше бірінші зардап шегуі мүмкін»- деп мәлімдейді төтенше жағдайлар бойынша бөлім қызметкерлері.
⠀
Мұ кептелісінің алдын алу үшін жыл сайын аудан бюджетіне жергілікті атқарушы органдарымен жарылыс жұмыстарына 1.2 млн теңге көлемінде қаржы бөлініп отырады. Биыл келісім шарт "ВостокВзрывПром" ұйымымен жасалған.
⠀
Наурыздың бесі күні ауднда «Көктем-2021» оқулары жоспарланған. Шараға Бородулиха ауданының төтенше жағдайлар бойынша бөлім қызметкерлері, полиция, медицина қызметкерлері және Бородулиха әкімшілігінің өкілдері қатысады.