
27.02.2021ж. тәулікте КВИ-дің 53 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 39 (74%) симптомдық және 14 (26%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. COVID-19 анықталмаған (пневмония) жағдайлары тіркелген жоқ.
⠀
КВИ-дің жаңа 53 жағдайының ішінде:
- 28 Семей қ. 19с, 9 с/з;
- 16 Өскемен қ. 16с;
- 4 Көкпекті ауданында (Көкпекті ауылы-0) 4 с/з;
- 2 Риддер қ. 1с, 1б/с;
- 2 Шемонаиха ауданында (Шемонаиха қаласы – 0) 2 с;
- 1 Глубокое ауданында (Глубокое кенті-1) 1 с.
⠀
Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,4%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,4%, Семей қаласында-0,4%- ды құрады.
⠀
Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 11335 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6539 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.
⠀
Жалпы облыс аумағында барлығы 21998 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 15148 жағдай (69%), симптомсыз 6850 жағдай (31%).
⠀
100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші– 1610,5 (республикалық көрсеткіш– 1136,9) құрады. 2098 байланыста болған адамдар мен 1009 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.