Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлттық денсаулық сақтау саласын одан əрі дамыту жөніндегі шаралар медицина мекемелерін қажетті құрал-жабдықтармен толық жарақтандыруға, ескірген инфрақұрылымды ауыстыруға мүмкіндік береді деп атап өтті.

Облыстық бюджет есебінен 2020 жылы аудандық орталық ауруханаға өкпені жасанды желдету құрылғысы, ал, 2021 жылы заманауи жедел – жәрдем автокөлігі және сандық рентген аппараты, сандық ЭКГ, УЗИ, гематологиялық, биохимиялық лабораториялары, гинеколог кабинеті бар жылжымалы медициналық кешен берілді. Автокөлік жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық жабдықпен жарақтандырылған және халықаралық стандарттардың барлық талаптарына сәйкес келеді.
Аталған шаралар коронавирустық инфекцияны жоюда өз септігін тигізеді деп сенеміз.