
Кәсіпорын алдағы бес жылда республиканың төрт өңірінде 10 инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Соның бірі Шығыс Қазақстан облысында бой көтеретін тау-кен байыту комбинаты.
Біздің өңір электрмен жабдықтау үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге және қажетті инфрақұрылым құрылысын жүргізуге қолдау көрсетеді.
Айта кетейін, компания 1500-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуды, сондай-ақ өнеркәсіптік өндіріс көлемін 12% дейін арттыруды межеге алып отыр.