
Асқар Ұзақбайұлы атап өткендей, бұл шаралар тұрғын үй қолжетімділігін арттырып, инвестиция көлемін ұлғайтады.
Жиын барысында тұрғын үй саясатының тетіктерін жетілдіру бойынша өңірде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндадым.
Мәселен, былтыр "Бір қабатты Шығыс" өңірлік бағдарлама аясында инвесторлар есебінен 36,6 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді. Олар жергілікті бюджет есебінен аз қамтылған көпбалалы аналарға сатып алынды. Биыл тағы 58,8 мың шаршы метр үй салуды жоспарлап отырмыз. Олар «Нұрлы Жер» бағалық параметрлерімен сатылып алынады.
Жеке инвестициялар есебінен көпқабатты тұрғын үй құрылысына қарқын беру үшін облыста жаңа механизм әзірленді, ол бойынша мемлекеттік қаражаттың үлесі – 25%, жеке меншік - 75% құрайды. Осы механизм аясында биыл жалпы ауданы 262 мың м2 болатын 42 көппәтерлі үйдің құрылысы басталады.
Облыс тұрғын үй саясатына жаңа тәсілдерді енгізуді қолдайды, ол тұтас алғанда бүкіл құрылыс саласының дамуына елеулі мультипликативтік әсер береді.