
Өскеменде өткен есеп беру конференциясына Олимпиада чемпионы Ольга Шишигина, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, сондай-ақ Федерация конференциясының мүшесі Серік Шапкенов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев қатысты. Құрметті қонақтар қатарында Effective Media Liaison директоры Сұңқар Қарабалин мен Қазақстандағы алғашқы "Almaty Marathon" ұйымдастырушысы Салтанат Қазыбаева да болды.
Конференция барысында бас хатшы Асхат Сейсембектің, Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Дмитрий Карповтың Олимпиада ойындарына дайындық барысы туралы, сондай-ақ тексеру комиссиясының есептері тыңдалып, бекітілді.
"Қазақстан Республикасында жеңіл атлетиканы дамытудың 2021 – 2024 жылдарға арналған" кешенді бағдарламасы бекітілді. Жалпы пандемияға қарамастан, Федерация былтыр қарқынын сақтап, өзіне жүктелген міндеттемелерді орындағанын ерекше атап өткім келеді. Материалдық-техникалық база жақсартылды, жаңа жабдықтар сатып алынды. Елордада көптен күткен жаңа жеңіл атлетика манежінің ашылуы өтті, ол World Athletics сертификатын иеленді. Аталмыш жаңа кешенде 2022 жылы жеңіл атлетикадан X Азия чемпионаты өтеді.
Шара соңында есеп беру жылында спорт қайраткерлері мен атлеттерді марапаттау рәсімі өтті.