
Сонымен, облыстық көлік және автомобиль жолдары басқармасының ақпараты бойынша, ауылішілік 4,9 км жолды жөндеу қажет. Осы ретте былтыр "Семей-Қайнар" автожолының 46 км учаскесі жөнделгенін атап өткім келеді. Биыл тағы 53 шақырым жолды жөндеу жоспарланған.
Орта мектепке де күрделі жөндеу қажет. Өткен жылы 18 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бірақ, Білім басқармасының хабарлауынша, ғимараттың қасбетін, шатырын жаңарту керек. Алдын ала есеп бойынша 154 млн.теңге қажет.
Бұрынғы аудан орталықтарын дамытудың кешенді жоспары аясында денсаулық сақтау саласына ерекше көңіл бөлінетінін ерекше атап өткім келеді. Қараөлең ауылдық округінде тұратын 2500-ге жуық адам Абралы ауруханасына тіркелген. Комиссия мүшелерінің ақпараты бойынша, мұндағы су құбыры желісіне, қазандыққа, жалпы аурухана ғимаратына күрделі жөндеу қажет.
Бұдан бөлек, бассейні бар дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының тиімділігіне де қатысты бірқатар сұрақтар туындап отыр.
Осы және басқа да жобалар, сондай-ақ ауылды дамыту мен халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға қатысты өзге де өзекті мәселелер жақын арада Қайнар ауылы бедсенділерімен кездесу барысында егжей-тегжейлі талқыланатын болады.