Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

19.02.2021ж. тәулікте КВИ-дің  50 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 37 (74%) симптомдық және 13 (26%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмонияның)  3 жағдайы тіркелді, оның ішінде Өскемен қаласында – 2, Көкпекті ауданында - 1.

.

КВИ-дің жаңа 50 жағдайының ішінде:

- 25 Семей қ. 17с, 8 с/з;

- 20 Өскемен қ. 15с, 5 с/з;

- 1 Бесқарағай ауданында (Бесқарағай кенті-0) 1с;

- 1 Глубокое ауданында (Глубокое кенті-0) 1с;

- 1 Алтай ауданында (Алтай қаласы - 0) 1с/з;

- 1 Ұлан ауданында (Қасым Қайсенов кенті - 0) 1с;

- 1 Шемонаиха ауданында (Шемонаиха қаласы – 1) 1 с,

.

Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,3%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,4%, Семей қаласында-0,4%- ды құрады.

.

Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 11257 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6409 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.

.

Жалпы облыс аумағында барлығы 21503 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 14750 жағдай (69%), симптомсыз 6753 жағдай (31%).

.

100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші– 1574,3 (республикалық көрсеткіш– 1104,02) құрады. 2195 байланыста болған адамдар мен 1029 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.