ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖАЛҒАСУДА

ЖОЛДАРДЫ ЖӨНДЕУ ЖАЛҒАСУДА

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Жолдауында республиканың көлік-логистикалық кешенін одан әрі дамытудың өзектілігін атап өтті. Оның тапсырмаларының бірі - 2025 жылға дейін елдің жол желісін, әсіресе жергілікті маңызы бар жолдарға қатысты, лайықты жағдайға келтіру.

 

Ұлан ауданында барлығы жалпы пайдаланымдағы 700,5 км автомобиль жолдары бар. Оның ішінде: Республикалық маңызы бар – 168 км, облыстық маңызы бар – 162 км. Аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы   370,5 км, елді мекендер ішіндегі көше-жол желілері 287,2 км құрайды.

 

Қазіргі уақытта аудандағы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының              62 % жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. 2021 жылы республикалық және облыстық бюджеттің қаражат есебінен жалпы құны 836,241 млн.теңгеге ұзындығы                      26,9 км құрайтын 4 жолды орташа жөндеу  жобалары жоспарланғаны қуантарлық жағдай.

 

Негізінен  алғанда 368,067 млн.теңгеге "Таврия-Каменка-Тройницкое"                0-10 км автожолын; 180,387 млн. теңгеге Бозанбай ауылының (Мұқанов, Киров, Аманжолов, Қайсенов жалпы ұзындығы 7,45 км) көшелерін; 137,787 млн. теңгеге Таврия ауылының (орталық және т. Тоқтаров жалпы ұзындығы 3,745 км) көшелерін; Айыртау ауылының (Попов, Аманжолов, Қайсенов) көшелерін; жалпы ұзындығы 5,7 км 150,0 млн. теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.