Үржар ауданында 2020 жылы республикалық және аудандық бюджет есебінен мектеп оқушыларын компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мақсатында 6482 компьютерлік техника алынды. Қашықтан оқитын 2746 оқушы 100% ноутбуктармен қамтылды. Аз қамтылған көпбалалы отбасылардан шыққан 660 отбасына (1320 оқушы) тегін интернетпен қамтамасыз ету үшін екі айлық тарифі бар 660 роутер уақытша пайдалануға берілді.
⠀
- Маған мектептен ноутбук берді. Енді сабақтарымды жылдам орындап, мұғалімге жіберемін. Бейне сабақтарды қайталап көруге мүмкіндігім бар. Қосымша ғаламтордан ақпараттар оқимын. Қызықты видеолар көремін. Рақмет, - деп алғысын білдірді көпбалалы отбасынан шыққан Жанерке Қайратқызы.
⠀
Айта кетейік, 2020 - 2021 жылғы оқу жылында эпидемиологиялық жағдайға байланысты еліміздің барлық мектеп оқушылары қашықтықтан оқуда. Мемлекет тарапынан мұқтаж отбасылардың балаларына пайдалану үшін 500 мыңға жуық компьютер берілді.