Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

18.02.2021ж. тәулікте КВИ-дің 61 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 35 (57%) симптомдық және 26 (43%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. Сондай-ақ, бір тәулік ішінде COVID-19 сәйкестендірілмеген (пневмонияның) 2 жағдайы тіркелді, оның ішінде Өскемен қаласында – 1, Шемонаиха ауданында - 1.
⠀
КВИ-дің жаңа 61 жағдайының ішінде:
- 23 Семей қ. 14с, 9 с/з;
- 22 Өскемен қ. 14с, 8 с/з;
- 5 Алтай ауданында (Алтай қаласы - 0) 5с/з;
- 3 Көкпекті ауданында (Көкпекті ауылы-0) 3с;
- 2 Риддер қ. - 2 с/з;
- 2 Ұлан ауданында (Қасым Қайсенов кенті - 2) 2с;
- 2 Тарбағатай ауданында (Ақсуат ауылы - 0) 1с, 1 с/з;
- 1 Глубокое ауданында (Глубокое кенті-0) 1 с/з;
- 1 Шемонаиха ауданында (Шемонаиха қаласы – 1) 1 с,
⠀
Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,3%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,4%, Семей қаласында-0,4%- ды құрады.
⠀
Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 11233 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6396 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.
⠀
Жалпы облыс аумағында барлығы 21453 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 14713 жағдай (69%), симптомсыз 6740 жағдай (31%).
⠀
100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші– 1570,6 (республикалық көрсеткіш– 1098,2) құрады. 2235 байланыста болған адамдар мен 1055 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.