Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай

17.02.2021ж. тәулікте КВИ-дің 71 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде 56 (79%) симптомдық және 15 (21%) симптомсыз вирус тасымалдаушылар. COVID-19 анықталмаған (пневмония) жағдайлары тіркелген жоқ.

КВИ-дің жаңа 71 жағдайының ішінде:

- 33 Семей қ. 29с, 4 с/з;

- 28 Өскемен қ. 22с, 6 с/з;

- 7 Глубокое ауданында (Глубокое кенті-1) 3с, 4 с/з;

- 1 Аягөз ауданында (Аягөз қаласы-1) 1 с/з;
- 1 Көкпекті ауданында (Көкпекті ауылы-0) 1с;

- 1 Шемонаиха ауданында (Шемонаиха қаласы – 0) 1 с.

Облыс бойынша өсім қарқыны тәулігіне 0,3%– ды, аптасына орташа өсім Өскемен қаласында – 0,4%, Семей қаласында-0,4%- ды құрады.

Сауығуына байланысты COVID-19 және ковидті пневмониямен сырқаттанған 11226 адам инфекциялық стационардан шығарылды, 6381 симптомсыз вирус тасымалдаушылардың үй карантині аяқталды.

Жалпы облыс аумағында барлығы 21392 КВИ жағдайы тіркелген, оның ішінде клиникалық симптомдары бар 14678 жағдай (69%), симптомсыз 6714 жағдай (31%).

100 мың тұрғынға шаққанда сырқаттану көрсеткіші– 1566,1  (республикалық көрсеткіш– 1094,8) құрады. 2224 байланыста болған адамдар мен 1056 инфекция ошағы бақылауда қалып отыр.